send link to app

Qupia app for iPhone and iPad


4.2 ( 5312 ratings )
Education
Developer: Akhmet Baimenshin
Free
Current version: 1.0.1, last update: 4 years ago
First release : 27 Sep 2019
App size: 27.97 Mb

Қазақ тіліндегі алғашқы Шонбай онлайн унивеситетінің “Бізге айтылмаған ҚҰПИЯ” атты кітабына арнап дайындаған қосымшасы

“Бізге айтылмаған ҚҰПИЯ” – көптеген кітаптарда жазыла бермейтін, адамдармен талқылана бермейтін тақырыптарды қамтиды. Себебі, қазіргі таңда басым болып кеткен мотивациялық “сен мықтысың”, “сенің қолыңнан келеді”, “сен күштісің” деген форматтан басқа да, біз үшін əлі жауабы табылмаған қаншама сұрақтар, сыры ашылмаған тақырыптар бар. Жеңіс, табыс, бақытты өмір, өз жолыңды табу сияқты мəселелердегі сол бір кірпішті өз тетігіне қалап, бос орындарды толтыру мақсатында бұл кітап жазылған. Абай Құнанбаев айтқандай, бұл өмірде кетігіңді тауып қалануға көмегін орасан зор тигізетін құрал. Қуаныш Шонбайдың екінші туындысы. Алғашқы кітабы - “Екінші болманың” жалғасы емес! Иə, “Екінші болманы” толықтырады, ашады, бірақ жалғасы емес! Сондықтан да, “Екінші болманы” оқымасаң да оны түсінесің. Бұл кітап – жолы, тарихы мен миссиясы бөлек туынды.